426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада салынған жеңіл атлетика кешенінің Орталық Азияда теңдесі жоқ

  • 217
  • UPD: 21:11, 27.08.2020

Елордада жеңіл атлетикаға арналған жаңа спорт кешені салынды. Qazaqstan деп аталған ғимараттың Орталық Азияда теңдесі жоқ. Мұнда ғаламдық деңгейдегі кез келген жарысты өткізуге мүмкіндік бар.

Рауан Мыңбаев, тілші:

- Жаңадан салынған жеңіл атлетика манежі елордадағы Тұран көшесінің бойында орналасқан. Түсінікті болу үшін айта кетейік, бұл бас шаһардағы өзіндік спорт қалашығы. Мұнда көпшілік жақсы білетін Астана-Арена, Сарыарқа, Барыс-Арена сынды спорт нысандары орналасқан. Біз айтып отырған жеңіл атлетика кешені де осы жерден орын тепті. Оның атауы да белгілі. Бұдан былай бұл нысан Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешені деп аталады.

Жеңіл атлетика кешені келер айда пайдалануға беріледі. Қазір аумағын абаттандыру жұмысы жүріп жатыр. Мамандар бұл нысанның Орталық Азияда теңдессіз екенін айтады. 7 мың көрермен сыятын кешенде енді республикалық ғана емес, жаһандық деңгейдегі жарыстар өтеді. 

Самат Ерғалиев, қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

- Орталық Азияда жоқ нысан салынып жатыр. Жабық манеж. Сол енді Нұр-Сұлтан қаласының спорт басқармасына беріп жататын болса, осы спорт кешенінде қаланың жеңіл атлетика спортшылары сол жерде орналасады. Және ол елдегі ең үлкен спорт кешені.

Бұдан бөлек елордада тағы бірнеше нысан жаңартылды. Соның бірі қайта қалпына келтірілген «Толқын» спорт кешені. Осы күні келушілерді қабылдауға дайын. Онда негізінен су спортының шеберлері дайындалады. Жалпы бас қалада салауатты өмір салтын ұстанушылар көп. Кез келген спорт түрінің дамуына жайлы жағдай жасалған. 

Сайранбек Әбілқайыров, Ұлттық киокушинкай-каратэ федерациясының вице-президенті:

- Федерацияның бас жоспары колледждің дене шынықтыру факультет түлектерімен жұмыс жасап, біздің спорт түрін дамыту. Былтырға қарағанда 7 мың, биыл 9 мыңға жетіп жатыр. Біздің спортқа деген үкіметтің көзқарасының жақсаруы.  

Айта кетейік, 2025 жылға қарай елде бұқаралық спортпен айналысушылар үлесі 40 процентке жетуі тиіс. Бұл меже былтырғы Мемлекет басшысының жолдауынан кейін айқындалды. Жауапты ведомство Қазақстан спортын дамытуға арналған кешенді жоспар әзірлеп, сала жұмысын жаңғыртты. 

Авторлары: Рауан Мыңбаев, Мейрамбек Ақмаханов

Хабар 24 телеарнасы