421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Андрей Голубев халықаралық теннис турнирінің жартылай финалына шықты

  • 256
  • UPD: 10:59, 28.08.2020
Андрей Голубев халықаралық теннис турнирінің жартылай финалына шықты olympic.kz

«Челлендежр» сериясындағы жарыс дәл қазір Италияда болып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жерлесіміз жұптық бәсекеде бағын сынауда. Ол уругвайлық Ариэл Бехармен бірге ширек финалда италиялық және аргентиналық теннисшілерді ұтты.

Алматылық «Қайрат» Еуропа Лигасының іріктеу кезеңін сәтті бастады. Қазақстандық клуб алғашқы айналымда армениялық «Ноа» командасымен жолыққан. Алматы қаласында өткен матчта қонақтар есеп ашты. Алайда көп ұзамай «Қайрат» ойыншылары есепті теңестірді. Кейін тіпті қорытынды нәтижені 4:1-ге жеткізді. Әсіресе, жуырда ғана команда қатарына қосылған Вагнер Лав еңбегін ерекше атап өту керек. Бразилиялық шабуылшы қос голдың авторы атанды. Бұдан бөлек, «Қайрат» сапындағы Гүлжігіт Алыкулов мергендігімен көзге түсті. Ойын соңына қарай «Ноа» ойыншысы Денис Дедечко өз қарпасына гол соғып алды. Осылайша «Қайрат» Еуропа Лигасының екінші айналымына шықты. Келесі матч 17 қыркүйекте өтеді. Бірақ «Қайрат» нақты кіммен ойнайтыны белгісіз. Ол алдағы дүйсенбіде күнгі жеребе тарту рәсімінде анықталады.

Ал елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасына дайындығын жалғастырып жатыр. Жаңа маусым алдында олар өз алаңына қарағандылық «Сарыарқаны» қабылады. Ойын барысында 10 бірдей шайба соғылды. Оның сегізі елордалық клуб еншісінде. Одан кейін буллиттер сериясын ұйымдастырып көрген. Бұл жерде қарағандылық клуб басым түсті. Айта кетейік, қос команда үшін бұл маусым алдындағы үшінші жолдастық кездесу. Енді ертең өзара тағы бір матч өткізбек. Қызығы сол қос команда соңғы 11 жылда алғаш жолығып тұр. Ең соңғы рет «Барыс» пен «Сарыарқа» 2009 жылы ел чемпионаты аясында кездесіпті. Айта кетейік, қарағандылық клуб биыл халықаралық хоккей лигасына қатыспайды. Ішкі чемпионатта өнер көрсетеді. Ал «Барыс» алдағы аптада Құрлықтық лига аясындағы алғашқы матчқа қастысады. Ойын сырт алаңда ригалық «Динамоға» қарсы өтеді.  

Ал Америкада спортшылар жаппай наразылық танытып, жарыстарға шығудан бас тартып жатыр. Мәселенің ушығуына нәсілшілдік түрткі болды. Мәселен, әлемдегі ең үздік теннисшілердің бірі Наоми Осака әлеуметтік желіде эмоцияға толы жазба қалдырған. Қазір ол Нью-Йорк қаласындағы турнирдің жартылай финалына дейін жетті. Алайда ұйымдастырушылар бұл жағдайдың жарыс кестесіне әсері болмайтынын алға тартады. Дәл осылай ұлттық баскетбол қауымдастығындағы ахуал күрделенді. «Лос-Анджелес Лейкерс» клубының үздік ойыншысы маусымды әрі қарай жалғастыруға болмайтынын айтты. Бүгінге дейін лигада екі тур ғана ойналды. Әйелдер баскетболында да осындай үзіліс орнады. Спортшылар алаңға ойнау үшін емес, наразылық таныту үшін шығып жүр. Бұл мәселені ел президенті Дональд Трамп та жақсы біледі. Ол спортшылар саясатқа араласпау керек деп мәлімдеді.

Хабар 24 телеарнасы