426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана» велокомандасының «Тур де Франсқа» қатысатын құрамы анықталды

  • 187
«Астана» велокомандасының «Тур де Франсқа» қатысатын құрамы анықталды ҚР ҰОК

29 тамыз күні велоспорттан жылдың үздік гранд-турларының бірі – «Тур де Франс» көпкүндігі басталады.

Аталған сынға «Астана» велокомандасы да қатысады, деп жазады Olympic.kz. Ниццада басталатын велокөпкүндікте «Астана» намысын мына спортшылар қорғайды: Мигель Анхель Лопес, Алексей Луценко, Луис Леон Санчес, Йон Исагирре, Горка Исагирре, Уго Уль, Омар Фраиле, Харольд Техада.

Жарыстың спорттық директорлары: Дмитрий Фофонов, Дмитрий Седун, Стефано Занини. 

Айта кетелік, «Тур де Франс» көпкүндігі 20 қыркүйекке дейін жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы