424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Месси «Манчестер Сити» командасына ауысуға ниет білдірді

  • 244
  • UPD: 16:38, 28.08.2020
Месси «Манчестер Сити» командасына ауысуға ниет білдірді фото: soccer.ru

Ағылшындық команда қазір ұсыныс дайындап жатыр.

«Барселона» шабуылшысы Лионель Месси ағылшындық «Манчестер Сити» командасына ауысуға ниет білдірді, деп хабарлайды «Чемпионат» Vesti.kz.

Месси өзінің ниеті туралы ағылшындық команданың бас бапкері Хосеп Гвардиолаға білдірген. «Ақша проблема емес. Мен «МС» ойыншысы атанғым келеді», - деген Месси.

Аргентинкалық футболшы командасы еурододаларға бәсекеге қабілетті болуын қалап отыр. Ал «Барселона» қазір жүлдеге таласа алмайды деп санамайды екен. «Манчестер Сити» командасы болса шабуылшыға екі жылдық келісімшарт ұсынуда. Команда келісімшартты тағы бір жылға созуы ықтимал.

Одан бөлек, «МС» Мессидің құны үшін беретін үш футболшыны дайындап қойыпты. Сонымен қатар үстінен 100 миллион еуро беруге дайын.

Месси «Барселонадан» кету туралы ниетті Чемпиондар лигасында «Бавария» командасынан 2:8 есебімен жеңілгеннен кейін білдірді. Бірақ қазір команданың президенті Жозеп Мария Бартомеу капитанды сақтап қалу үшін барлығын жасап жатыр. Тіпті Мессидің командада қалуы үшін ол отставкаға кететінін айтты.

Хабар 24 телеарнасы