429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


IJF үш халықаралық жарысты өткізетінін мәлімдеді

  • 150
  • UPD: 19:27, 29.08.2020
IJF үш халықаралық жарысты өткізетінін мәлімдеді рrosports.kz

Халықаралық дзюдо федерациясы World Judo Tour кезеңінің жалғасатынын мәлімдеді.

Жарыс күнтізбесі бойынша әлемдік додалар қазан айында басталады. Атап айтқанда, 23-25 қазан күндері Будапештте, 11-13 желтоқсанда Токиода «Үлкен Дулыға» әлемдік жарысы өтеді. Сондай-ақ 2021 жылдың 8-10 қазанына Катарда «Мастерс» турнирі жоспарланған. 

Аталған үш кезең нәтижесі бойынша қатысушыларға олимпиадалық рейтингте 2021 жылы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына ұпай үлестіріледі. 

Ақпарат көзі: olympic.kz

Хабар 24 телеарнасы