420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жағажай волейболы. Ірі төрт жарысты өткізу мерзімі шегерілді

  • 151
  • UPD: 17:48, 30.08.2020
Жағажай волейболы. Ірі төрт жарысты өткізу мерзімі шегерілді ESPN.com

Халықаралық волейбол федерациясы жағажай волейболынан ірі төрт турнирдің өту уақытын өзгертті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Биыл Таиландта өтуі тиіс 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты 2021 жылға ауыстырылды. Турнир 24-28 наурызға жоспарланған. Сондай-ақ Әлемдік турнир аясындағы төрт бәсеке кейінге қалды. Олардың қатарында Қытайда өтуі тиіс төрт жұлдызды турнир де бар.

FIVB 16 наурыздан бері халықаралық жарыстарды кейінге шегерді. Спорттық ұйым коронавирус індетіне байланысты турнирлерді өткізуден бас тартып отыр.

Хабар 24 телеарнасы