429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қайрат» футболшылары «Ордабасыны» жеңді

  • 185
  • UPD: 19:49, 30.08.2020
«Қайрат» футболшылары «Ордабасыны» жеңді

Қазақстан чемпионатының 7-туры аясында Талғарда «Ордабасы» мен «Қайрат» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматылық команда 3:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл ойында «Қайраттың» жұлдызды шабуылшысы Вагнер Лав алғашқы голдарын соқты. Алғашқы таймда бразилиялық сұрмерген «Ордабасы» қақпасына қос допты дарытты. «Қайрат» қатарынан Абат Айымбетов та мергендік танытты. Шымкенттік командадан жалғыз голды Жоао Пауло соқты.

ҚПЛ. 7-тур

«Ордабасы» - «Қайрат» - 1:3 (1:3)

Гол соққандар: Вагнер Лав 17 (0:1), Вагнер Лав 22 (0:2), Жоао Пауло 34 (1:2). Абат Айымбетов 40 (1:3).

Хабар 24 телеарнасы