420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да спортшыларға залдарда жаттығуға рұқсат етілді

  • 107
БҚО-да спортшыларға залдарда жаттығуға рұқсат етілді

Батыс Қазақстан облысында карантин режимін жеңілдетудің екінші кезеңі бастау алды.

Енді 13 мыңға жуық жас спортшының күн тәртібі өзгереді. Олардың барлығы – балалар мен жасөспірімдер мектептерінің шәкірттері. Мәселен, олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов атындағы бокс орталығында спортпен 70 бала тұрақты шұғылданады. Бұған дейін үйде жаттыққан олар енді бұрынғы режимдеріне оралды. Қазіргі уақытта санитарлық дәрігерлердің талаптарын орындау мақсатында жаттығу кезінде әлеуметтік ара қашықтық сақталып, балалар жас ерекшеліктері бойынша топтарға бөлінген.

Алмас Гарифуллин, оқушы:

- Карантин басталғаннан бері бізде жаттығу тоқтап тұрды, жақында ғана басталды. Ашылып жатқанына қуаныштымын, біз қайтадан қалпымызға келіп жатырмыз. 

Саттар Сұлтанғалиев, облыстың бокстан аға жаттықтырушысы:

– Қыркүйектен бастап біз 6 күндік жұмысқа ауысатын боламыз. Жаңадан келген балалар 2 рет келеді, орта буындар 3-4 рет жасаймыз, ересектер күнде жасаймыз. Бокс Қазақстанда нөмірі бірінші спорт түрі деуге болады, егемендік алғалы 14 медаль алыппыз, соның жартысынан көбі бокстан.

Хабар 24 телеарнасы