420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2021 жылғы қысқы Универсиада кейінге шегерілді

  • 109
  • UPD: 10:25, 01.09.2020
2021 жылғы қысқы Универсиада кейінге шегерілді

Швейцарияның Люцерн қаласында 2021 жылы өтеді деп жоспарланған қысқы Универсиада белгісіз мерзімге кейінге шегерілді.

Бұл жөнінде Халықаралық университеттік спорт федерациясы (FISU) мәлім етті, деп хабарлады prosports.kz.

Аталған шешім коронавирусқа байланысты қабылданып отыр. Универсиада 2021 жылдың 21-31 қаңтар аралығында өткізілуі тиіс еді.

Дүбірлі доданың қашан өтетіні жайында әзірге нақты шешім жоқ. Алдағы екі айдың ішінде мамандар бұған байланысты нақты шешім қабылдамақ.

Ал 2023 жылғы қысқы Универсиада АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтеді деп жоспарланған. Ол 2017 жылы Алматыда өткізілді.

Хабар 24 телеарнасы