431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Спортшыларымыз Мәскеудегі аралас жекпе-жек кешіне дайындығын пысықтады

  • 250
  • UPD: 11:10, 01.09.2020
Спортшыларымыз Мәскеудегі аралас жекпе-жек кешіне дайындығын пысықтады

Жерлестеріміз аралас жекпе-жек кешіне тас-түйін дайын. Бірер күннен кейін Мәскеуде халықаралық турнир болады. Оған 7 бірдей қазақстандық спортшы қатыспақ.

Оның бірі елордалық Сәбит Жүсіпов. Жартылай орта салмақтағы жерлесіміз бразилиялық спортшымен жолығады. Қарсыласының жасы да тәжірибесі де үлкен. Бүгінге дейін 30-дан аса жекпе-жек өткізіпті. Соған қарамастан Сәбит «жеңісті бермеймін» деп отыр. Қазір ол Нұр-Сұлтан қаласында соңғы дайындығын пысықтап жатыр. Алдағы жекпе-жекке арнайы стратегия құрғанын айтады.

Сәбит Жүсіпов, аралас жекпе-жек шебері:

- Бір апта қалды. Дайындықты бастадық. Салмақ қуып жатырмын. Денсаулығым жақсы. Қарсыласымды ауыстырып жіберді. Ойланып істейміз енді.

Хабар 24 телеарнасы