424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тур де Франс: «Астана» үшінші орында келеді

  • 174
  • UPD: 07:31, 02.09.2020
Тур де Франс: «Астана» үшінші орында келеді

1 қыркүйек күні «Тур де Франс« көпкүндігінің төртінші кезеңі өтті, деп хабарлайды olympic.kz.

Жарысқа қатысушылар Систерон - Орсьер Мерлетт арасында 160,5 км қашықтықты жүріп өтті. Төртінші кезең нәтижесі бойынша Team Jumbo - Visma өкілі Примож Роглич жеңімпаз атанды. Тадей Погачар (UAE Team Emirates) екінші орында болса, Гийом Мартен (Cofidis) үздік үштікті қорытындылады.

«Астана« велокомандасы сапынан үздік көрсеткішке Мигель Анхель Лопес жетті. Ол мәре сызығын алтыншы болып кесті. Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко болса мәреге 49-шы болып жетті.

Айта кетерлігі, төрт кезең нәтижесі бойынша «Астана« командалық есепте үшінші орында тұр.

Хабар 24 телеарнасы