426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда әскери полиция офицері 200 шақырымдық марафонды жүгіріп өтпек

  • 196
  • UPD: 22:42, 02.09.2020
Қарағандыда әскери полиция офицері 200 шақырымдық марафонды жүгіріп өтпек

Қарағандылық әскери-полиция офицері бүгін 200 шақырымдық ультра-марафонды жүгіріп өту үшін  жолға шықты. Аталған межені ол 48 сағатта бағындырып, әскерилер арасындағы Қазақстанның рекордын жаңартпақ ниетте.  Ал рекорд орнатып тапқан қаржыны Қызылордада ауыр дерттен емделіп жатқан баланың есебіне аудармақ.

Заңғар Әлкенов , Қарағанды гарнизоны әскери полиция бөлімінің офицер - криминалисті:

- ҚР Ультрамарафонының рекорды негізі есептелген 30 сағатта 200 км жүгіру. Енді бұйырса, соған жетуге тырысамыз. Бірақ 48 сағат, 2 күн деп алдық. Ауа райына байланысты, жарақат алып қалсақ дегендей.

Заңғар жүгіруін бүгін облыс орталығынан бастап кетті. Ал мәресі өзі туып-өскен Атасу ауданында белгіленген. Офицердің жүгіріп өткен жолын  джипиэс-навигатор арқылы онлайн режимде бақылауға болады. Заңғар қазақ күресінен спорт шебері, дзю-до күресінен спорт шеберлігіне үміткер. 2012 жылы жарақат алып, кейін спорттық мансабын алыс қашықтыққа жүгіруге өзгерткен. Осыған дейін өзге де ультра-марафондарда жеңген. Бұл рекордын Қарағанды гарнизоны әскери полиция бөлімінің құрылғанына 23 жыл толуына арнап отыр.

Хабар 24 телеарнасы