424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


US Open: Кукушкин мен Путинцева үшінші айналымда

  • 167
US Open: Кукушкин мен Путинцева үшінші айналымда Reporter.kg

Михаил Кукушкин АҚШ-тың ашық біріншілігінде үшінші раундқа жолдама алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол әлемнің 19-ракеткасы чилийлік теннисші Кристиана Гаринді жеңді. Осылайша, Кукушкин әлемдік рейтингте 90-орынға табан тіреді. Матч 4 сағатқа жалғасты. Қазақстандық алғашқы екі сетте жақсы ойнады. Бірақ үшінші және төртіншісінде қарсыласына қарсы тұру қиын болды. Шешуші, бесінші ойында Кукушкин 1:3 есебімен ұтылса да, жеңіске қол жеткізді.

«ВелоАстана» капитаны Анхель Лопес «Тур де Франс» велокөпкүндігінде жалпы көрсеткіште 9-орынға көтерілді. Ал қазақстандық Алексей Луценко турнир кестесінде 37 болып тұр. Командалық есепте «Астана Про Тим» үшінші орыннан жетінші орынға түсіп қалды.

Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңін бастайтын Қазақстан жастар құрамасы бүгін Черногориямен кездеседі. Алаң иелерінің белді екі ойыншысы матчқа қатыспайды. Қақпашы Данил Устименко ұлттық құрамаға шақырту алды, ал шабуылшы Акмаль Бахтияров жарақатына байланысты доп тебе алмайды. Команда енді «Байқоңырдың» қақпашысы Константин Пузанов пен «Арыстың» қорғаушысы Совет Сағиға сенім артып отыр. Қазіргі таңда біздің аяқдопшылар 7 ұпаймен үшінші орында келеді. Израиль құрамасында бір ұпай артық, алда тағы бір ойыны бар. Көш басында 13 ұпаймен Испания тұр. Айта кетейік, 8 қыркүйекте біздің футболшылар Израиль командасына қарсы ойнайды.

Қазақстан құрамасы ойынға дайын

Ертең Вильнюсте Қазақстанның ұлттық құрамасы Литваға қарса ойнайды. Матч Еуропа ұлттық лигасы топтық кезеңі аясында өтеді. Қазақстандық футболшылар үшін бұл турнирдегі алғашқы ойын. Михал Билектің шәкірттері бұдан бөлек Беларусь, Албания футболшыларымен шеберлік байқасады. Еске сала кетейік, былтыр біздің команда Д дивизионында екінші орынды місе тұтты.

Михал Билек, Футболдан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы:

– Жігіттер өздерін жақсы сезінеді. Көңіл-күйлері көтеріңкі. Тартысты ойында жүйелі өрнегін көрсетеді деп сенемін. Есемізді жібермеуге тырысамыз, оны футболшылар да жақсы түсінеді деп ойлаймын.

 

Михаил Джордан Томпсонмен кездеседі

Үшінші раундқа Юлия Путинцева да өтті. Екінші айналымда біздің теннисші Беларусь спортшысы Вера Лапкодан басым түсті. Юлия алда тағы да Беларусь елінің теннисшісі Александра Сасновичпен бақ сынасады. Ал Елена Рыбакина турнирде тұрақтап қала алмады. Қазақстанның бірінші ракеткасы америкалық Шелби Роджерске есе жіберді.

«Ақ Барыс» ашылу кубогінде екінші мәрте жеңіске жетті

«Ақ Барыс» екінші рет ашылу кубогінде жеңіске жетті. КХЛ-дың маусымашар ойынында қазандықтар мәскеулік ЦСКА-ны тізе бүктірді. Алғашқы шайбаны мәскеуліктер алғашқы 51 секундта салды. Авторы – Дмитрий Саморуков. Қазан құрамасында Стефан да Коста, Джастин Азеведо және Дмитрий Воронков ерекше көзге түсті.

Хабар 24 телеарнасы