429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық Мұратбек Қасымбай ресейлік қарсыласымен чемпиондық белдікке таласады

  • 117
Қазақстандық Мұратбек Қасымбай ресейлік қарсыласымен чемпиондық белдікке таласады

Қазақстандық Мұратбек Қасымбай Nines Global тұжырымы бойынша чемпиондық белдікке таласады.

Жекпе-жек кеші алдағы аптада Мәскеуде өтеді. Аралас жекпе-жек шебері қазір елордада соңғы дайындығын пысықтап жатыр. Мұратбек бұған дейін 12 жекпе-жек өткізіп, 10-ында жеңіске жетті. Ал чемпиондық белдікке таласқа ол алғаш рет түскелі тұр. Оның қарсыласы – Мұхаммед Эминов есімді ресейлік шебер. Қос спортшының тәжірибесі мен айқас стильдері ұқсас. Жастарында ғана ерекшелік бар. Қазақстандық спортшы қарсыласынан 2 жасқа үлкен.

Мұратбек Қасымбай, аралас жекпе-жек шебері:

- Қарсыласты мен баяғыдан білемін. Бір күні кездесеміз деп ойлағанмын. Сол күн 9 қыркүйекке сәйкес келіп тұр. Оңай жекпе-жек болмайды. Чемпиондық белдікті елге әкелу үшін барымды саламын.

Хабар 24 телеарнасы