424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Месси «Барселонада» қалатын болды

  • 149
  • UPD: 17:27, 03.09.2020
Месси «Барселонада» қалатын болды

«Барселона» шабуылшысы Лионель Месси каталониялық клубта қалатын болды, деп жазды Prosports.kz.

Испаниялық басылымдардың хабарлауынша, Мессидің әкесі Хорхе Орасио Месси «Барселона» президенті Жозеп Бартомеумен кездесуден кейін осындай шешім қабылдады. 

Аргентиналық шабуылшы енді каталониялық клубта тағы бір жыл доп тебеді. 2021 жылы жазда келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін еркін агент ретінде өзге командаға ауысады. 

Айта кетейік, өткен маусымда Месси 44 матчқа қатысып, 31 гол соқты және 26 нәтижелі пас берді. 

Хабар 24 телеарнасы