426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде дзюдодан бірқатар жарыс өтпейтін болды

  • 159
  • UPD: 13:48, 04.09.2020
Елімізде дзюдодан бірқатар жарыс өтпейтін болды ҚР ҰОК

Пандемияға байланысты Қазақстанда дзюдодан бірнеше маңызды додалардың өтпейтіні белгілі болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан дзюдо федерациясы мәлімдегендей, жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия кубогі өтпейді. Б.Махмұтовтың құрметіне арналған дзюдо жарысы 17-19 сәуір күндері Алматыда өтуі тиіс еді. Сондай-ақ ерлер мен әйелдер арасындағы ашық Азия кубогі өтпейді. Ол 3-5 шілде күндері Ақтауда жоспарланған болатын. 

Хабар 24 телеарнасы