424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Сарыарқа» хоккей клубына жаңадан үш ойыншы қосылды

  • 150
  • UPD: 19:30, 05.09.2020
«Сарыарқа» хоккей клубына жаңадан үш ойыншы қосылды

«Сарыарқа» хоккей клубы Никита Холкин, Олег Мисюль және де шабуылшы Егор Дорофеевпен толықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Былтырғы маусымда 21 жасар ресейлік қорғаушы Никита Холкин финдік «Ласер» сапында өнер көрсеткен. 27 ойынға қатысып, 13 ұпай (5+8) жинаған. Ал 27 жасар Олег Мисюль болса «Тамбов» құрамында 13 ойын өткізген. 26 жасар ресейлік Егор Дорофеев «Оңтүстік Урал» командасында капитанның көмекшісі болған. Ол жоғарғы хоккей лигасында барлығы 43 ойынға қатысып, 13 (7+6) ұпай жинаған.

Хабар 24 телеарнасы