421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қайрат» пен «Астана» кездесетін күн белгілі болды

  • 151
  • UPD: 19:49, 05.09.2020
«Қайрат» пен «Астана» кездесетін күн белгілі болды

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы бірінші айналымның қалған турларының күнтізбесін жариялады, деп хабарлайды лига сайты.

Сегізінші тур ойындары 11 және 12 қыркүйек күндері өткізіледі.

11 қыркүйекте «Жетісу» мен «Оқжетпес», «Шахтер» мен «Тараз»,

12 қыркүйекте «Ордабасы» мен «Астана», «Тобыл» мен «Қызылжар», «Қайрат» пен «Қайсар» командалары кездеседі.

Бірінші айналымның соңғы туры 2 қазанға белгіленген. Ал 4 қазанда «Қайрат» пен «Астана» кейінге қалдырылған 6-тур ойынын өткізеді.

Қазақстандық командалардың еурокубок ойындарына қатысуына байланысты ойын күнтізбесінде бірқатар өзгеріс болуы мүмкін екен.

Еске сала кетелік, «Астана», «Қайрат» және «Қайсар» командалары 17 қыркүйекте Еуропа лигасы екінші іріктеу сатысында өз қарсыластарымен шеберлік байқасады.

Бүгінге дейін барлығы 7 тур ойындары өтті. Көш басында келе жатқан «Қайраттың» 18 ұпайы бар. Одан кейінгі орындардағы «Қайсар» 13, «Астана» 11 ұпай еншілеген.

Хабар 24 телеарнасы