421,44 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Роналду Швеция - Португалия матчына қатыспауы мүмкін

  • 131
  • UPD: 22:21, 05.09.2020
Роналду Швеция - Португалия матчына қатыспауы мүмкін blogspot.com

Португалия капитаны Криштиану Роналду оң саусағына инфекция түсуі себепті жаттығуға қатыспай жүр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Football Italia хабарлауынша, португалдықты ара шағып алған.

Дереккөздің ақпаратына сәйкес, Криштианудың бүгін Ұлттар лигасында Хорватияға қарсы алаңға шықпайтыны белгілі болды.

35 жастағы Роналдудың Швеция - Португалия (8 қыркүйек) матчына қатысу-қатыспауы белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы