426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ТМД ойындарын өткізу мерзімі шегерілді

  • 151
  • UPD: 22:31, 05.09.2020
ТМД ойындарын өткізу мерзімі шегерілді

ТМД елдері арасында алғаш рет өтеді деп жоспарланған ТМД ойындары 2020 жылдан 2021 жылға шегерілді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Пандемияның әлемде жалғасуына байланысты ұйымдастырушылар осындай шешім қабылдаған.

ТМД ойындары бастапқыда Ресейдің Қазан қаласында 20-27 тамыз күндері өтеді деп жоспрарланған болатын. Алайда ойындар коронавирус пандемиясына байланысты қыркүйекке ауыстырылған еді. Аталған ойынға 14-тен 23 жасқа дейінгі спортшылар 21 спорт түрінен 284 жүлде жиынтығын сарапқа салады делінген.

Ұйымдастырушылардың болжауынша, 11 елден, атап айтқанда, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Молдова, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Украинадан 3500-ге жуық спортшы қатысады.

Хабар 24 телеарнасы