424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Андрей Голубев соңғы үш апта ішінде үш турнирде топ жарды

  • 151
Андрей Голубев соңғы үш апта ішінде үш турнирде топ жарды olympic.kz

Қазақстандық теннисші Андрей Голубев уругвайлық Ариэл Бехармен дуэтте Корденонседе (Италия) өткен Челленджер сериясының жұптық турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Голубев/Бехар жұбы финалда Андрес Молтени/Уго Ныс дуэтін 7:5, 6:4 есебімен жеңді. Кездесу барысында қазақстандық және оның серіктесі 1 эйс жасап, үш брейк-пойнтты сәтті пайдаланды. Бір мәрте қайталама қателік жіберді.

Бұл Голубевтің соңғы үш аптадағы үшінші жеңіп алған турнирі. Бұған дейін Андрей мен Ариэл Тода мен Триестедегі турнирлерде жеңіске жеткен болатын.

Хабар 24 телеарнасы