420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нысана көздеу мен стенд атудан 2022 жылғы әлем чемпионаты Ресейде өтеді

  • 123
Нысана көздеу мен стенд атудан 2022 жылғы әлем чемпионаты Ресейде өтеді Olympic.kz

Нысана көздеу мен стенд атудан 2022 жылғы әлем чемпионатын өтетін орын анықталды деп жазады Olympic.kz.

  Халықаралық спорттық ату федерациясы (ISSF) әлемдік сынды Мәскеуде өткізу туралы шешім қабылдады. Келесі олимпиадалық циклде нысана көздеу және стенд ату спортының өкілдері бір мезетте сынға түседі.  Әлем чемпионатына 1500-ға жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Олар 70-тен аса жүлделер жиынтығын сарапқа салады. Оның ішінде 15-і – олимпиадалық дисциплинадан. Олимпиадалық жаттығулар нәтижесі бойынша 2024 жылы Парижде өтетін Олимпида ойындарына алғашқы жолдамалар таратылмақ.

Хабар 24 телеарнасы