420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Винокуров «Тур де Франста» топ жаратын спортшылар үшін нағыз сынақтың басталғанын айтты

  • 135
  • UPD: 23:25, 06.09.2020
Винокуров «Тур де Франста» топ жаратын спортшылар үшін нағыз сынақтың басталғанын айтты фото: prosports.kz

«Тур де Франс» көпкүндігінің сегізінші кезеңінде «Астана» капитаны Мигель Анхель Лопес жақсы өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosport.kz.

Ол жалпы есепте көш бастаған спортшылармен бірге мәреге 11-болып келді.

Astana Pro Team бас менеджері Александр Винокуровтың айтуынша, бұл кезең жалпы есепте жоғары орынға таласатын спортшылар үшін алғашқы сынақ. Бұл туралы Винокуров Eurosport тікелей эфирінде мәлімдеді.

«Лопес өзінің жалғыз еместігін, командаластарының көмектесіп жатқанын көріп жүр. Таулы кезең жалпы есепте жүлдеге таласатындар үшін алғашқы сынақ. Көп нәрсе осында шешіледі. Ал жігіттер Лопеске көмектесті. Ол «Тур де Франсқа» алғаш рет қатысып отырса да, өзіне өте сенімді. Біз барынша демеу көрсетеміз. Құлап қалғаннан кейін массажшы мен остеопат бақылауда ұстады. Қазір өзін жақсы сезінуде. Біз оның оң жамбасына келетін сәтті табамыз. Бірақ Пиренейде емес», - дейді Винокуров.

Хабар 24 телеарнасы