421,44 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Доппен дәл тиген Джокович төрешіні құлатты

  • 121
  • UPD: 10:51, 07.09.2020
Доппен дәл тиген Джокович төрешіні құлатты

Әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович Америка ашық біріншілігінен аластатылды. Жарыстан қуылды десе де болады.

Испан теннисшісі Пабло Карреньо-Бустаға қарсы ойнап жатқан кезде ашуға бой алдырып, допты шетке қарай сілтеген. Ол зулап барып жақтауда отырған төрешіге тиіп, құлатып түсірген. Әрине Джокович допты қазыға әдейі бағыттамағаны белгілі. Дегенмен, жарысты ұйымдастырушылар серб спортшысының мінезіне баға беріп, қызба деп танып, Америка ашық біріншілігінен шығарып жіберді. Новак сабырсыздық есебінен несібесінен айырылды десті сарапшылар.

Новактың өзі былай дейді: «Әрине өзегімді өкініш кернейді. Төрешінің жағдайын білдім. Жақсы көрінеді. Әдейі істегем жоқ. Бірақ бәрібір оған зияным тиді».

Хабар 24 телеарнасы