431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ханчжоуда бадминтон жарысы тест түрінде өткізіледі

  • 139
  • UPD: 12:40, 07.09.2020
Ханчжоуда бадминтон жарысы тест түрінде өткізіледі

2022 жылы Азия ойындары өтетін Ханчжоуда қала күнінің құрметіне орай бадминтоннан сынақ жарысы өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жарыс 11-13 қыркүйек аралығында өтеді. Сынақ жарысы екі жылдан кейін Азия ойындарында бадминтон бойынша өтетін Бинцзян гимназиясында болады жоспарланған. Ұйымдастырушылар алқасы биыл Азия ойындарында өтетін бірнеше жарысты сынақ ретінде өткізіп көрмекші. Жоспар бойынша бірқатар сынақ жарысы 17 қыркүйекке дейін жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы