421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Батыр Жүкембаев The Ring рейтингінің үздік ондығына енді

  • 109
  • UPD: 17:51, 07.09.2020
Батыр Жүкембаев The Ring рейтингінің үздік ондығына енді

Белгілі The Ring журналы бірінші жартылай орта салмақтағы ең мықты боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлады Vesti.kz.

Рейтингке осы дивизионда өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) еніп, тоғызыншы орынға жайғасты.

Бұл салмақта чемпиондық белбеу британиялық Джош Тейлорда. Ал рейтингте бірінші орында 28 жастағы америкалық Хосе Рамирес тұр. Екінші орынға 31 жастағы америкалық Реджис Прогрейс ие болған. 27 жастағы Иван Баранчик үздік үштікке енді.

The Ring журналының толық рейтингі:

  1. Хосе Рамирес (АҚШ);
  2. Реджис Прогрейс (АҚШ);
  3. Иван Баранчик (Беларусь);
  4. Виктор Постол (Украина);
  5. Кирилл Релих (Беларусь);
  6. Хосе Сепеда (АҚШ);
  7.  Марио Барриос (АҚШ);
  8. Арнольд Барбоза (АҚШ);
  9. Батыр Жүкембаев (Қазақстан);
  10. Шохжахон Эргашев (Өзбекстан).

Еске салайық, Жүкембаев қаңтарда өткен жекпе-жегінде мексикалық Рикардо Лараны (22-8, 10 КО) нокаутпен жеңді. Батыр барлық кездесуін Канадада өткізген. Ал биыл рингке қыркүйекте оралады деп жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы