420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Зарина Дияс Istanbul Open турниріне қатысады

  • 116
  • UPD: 11:41, 08.09.2020
Зарина Дияс Istanbul Open турниріне қатысады

Теннистен Қазақстан құрамасының мүшесі Зарина Дияс Стамбулда өтетін WTA додасында бақ сынайды, деп хабарлады Olympic.kz.

Аталған турнирде қазақстандық теннисшінің алғашқы қарсыласы Александра Саснович болмақ. Қазіргі таңда Беларусь өкілі әлемдік рейтингте 106-шы орында тұр. Ал Зарина Дияс 69-шы сатыда. Istanbul Open жарысының алғашқы айналымы бүгін, 8 қыркүйек Нұр-Сұлтан уақытымен 23:15-те басталады.

Жарыстың жалпы жүлде қоры 251 750 АҚШ долларын құрайды. Дүниежүзілік теннис бәсекесі 13 қыркүйекте аяқталады.

Хабар 24 телеарнасы