Мәскеу төріндегі аралас-жекпе-жек кешіне тура бір күн қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Яғни, ертең қазақстандық шеберлер ұзақ үзілістен кейін қайта айқасқа шығады. Халықаралық турнирге жеті бірдей жерлесіміз қатысқалы отыр. Оның ішінде елордалық Мұратбек Қасымбай чемпиондық белдікке таласады. 25 жастағы спортшы қазір өз командасымен Ресей астанасына жетіп, соңғы дайындығын пысықтап жатыр. Жерлесіміздің қарсыласы –жергілікті Мұхаммед Эминов.
Айта кетейік, Мұратбек бүгінге дейін 12 жекпе-жек өткізіп, оның 10-ында жеңіске жетті. Ал, чемпиондық белдікке таласқа алғаш рет түскелі тұр.
Нұртас Әлімбаев, жаттықтырушы:
- Өзіміздің қойған мақсатымыз бар. Қарсыласымыз ыңғайлы. Ұтады деп ойлаймыз. 100% дайынбыз біз. Жақсы жекпе-жек көрсетеміз. Басты жерге қаратпаймыз. Шоу болады.