426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық боксшылар толық құрамда оқу-жаттығу жиынын бастады

  • 225
  • UPD: 12:38, 08.09.2020
Қазақстандық боксшылар толық құрамда оқу-жаттығу жиынын бастады фото: ria56.ru

Қазақстанның боксшылары карантиндік кезеңнен кейін тұңғыш рет толық құрамда оқу-жаттыу жиынын бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бас бапкер Ғалым Кенжебаев «тізімде жалпы саны отыз адам бар», деді. Оның ішінде жаттықтырушылар мен дәрігерлер де бар. Спортшыларға келсек, бірінші және екінші нөмірлі боксшылар ғана шақырту апды. Көп жинауға санитарлық талап мүмкіндік бермейді. Оқу-жаттығу жиыны алдында бәрі де ПТР тестілеуден өтті. Жаттығу қазанның бесіне дейін созылады.

Футбол. Қазақстан – Беларусь 1:2

Еуропа Ұлттар лигасының екінші турында Қазақстан құрама командасы өз алаңында Беларусьпен кездесіп, 1:2 есебімен ұтылып қалды. Матчтың 53-минутында қонақтар есеп ашты. Максим Бордачев мергендігімен танылған еді. Алайда, Абат Айымбетов таразы басын теңестірді. Бірақ 86-минутта Гафуржан Сүйімбаев өрескел қателікке бой алдырып, Виталий Лисакович өз командасына жеңіс әперді. С дивизионының 4 тобында өнер көрсететін тағы екі команда Тиранада доп тепті. Албания Литвадан 0:1 есебімен ұтылып қалды. Гол соққан – Донатас Казлаускас.

«Барыс» тағы ұтылды

Елордалық «Барыс» сырт алаңда Мәскеудің ЦСКА-сынан жеңіліп қалды. Ойын дәстүрлі КХЛ чемпионаты аясында өткен болатын. Алғашқы кезеңның орта тұсында алаң иелері екі шайба салды. Осы жолы Максим Мамин мен Андрей Светлаков ерекше көзге түсті. Біздің «Барыстың» қарсыластары екінші кезеңде де қарқынынан таймады. 5 те 3 есебімен алда келді. Әрі қарай ұпай өзгермеді.

Айта кетейік, 10 қыркүйекте қазақстандық хоккейшілер қытайлық «Кунь Луньмен» кездеседі.

Месси жаттығуға оралды

Лионель Месси «Барселона» сапында жаттығуға кірісті. Аргентиналық аяқдопшы стадионға командадан 90 минут бұрын келді. Ол әзірге жеке дара жаттығып жүр. Лига талаптарына сәйкес, коронавирус бар-жоғын анықтайтын тестіден өтуі керек. Месси өзін бұдан былай команда сапында көрмейтінін айтып, бір апта бойы жаттығуға қатыспады.  Шабуылшы осы аралықта «Барселонадан» кететінін мәлімдеп үлгерді. Алайда, басшылық мұндай қадамға баратын болса, 700 млн еуро көлемінде қаржы төлеуді талап етті. Месси «Барселонада» қалатын боп шешті.

Хабар 24 телеарнасы