420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Криштиану Роналду рекорд жаңартты

  • 155
Криштиану Роналду рекорд жаңартты

Криштиану Роналду тарихқа жаңа жетістігімен енді.

Әйгілі аяқдопшы – ұлттық құрамада 100 гол соққан екінші спортшы. Криштиану рекордты Швецияға қарсы ойында қайталады. 2:0 есебімен Португалия жеңіске жетті.

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу ойынында Израильді ұтты. Есепті бірінші таймға қосымша берілген уақытта біздің аяқдопшылар ашты. Матчта Эльхан Астанов қабілетін жарқырата көрсете алды. Екінші таймда екі команда да бастапқыдай көсіле доп тебе алмады. Қосымша уақытта Израиль есе қайтаруға талпынып еді, біздің футболшылар 3 минуттан соң ес жинап, шабуылды үдетті. Жеңіс сыйлаған голдың авторы – Оралхан Өміртаев. ОсылайшаҚазақстан 10 ұпаймен турнир кестесінде екінші орынға көтерілсе, Израиль 8 ұпаймен төртінші орынға табан тіреді. Жарыс көшбасшысы әзірге Испания.

Юлия Путинцева АҚШ ашық біріншілігінің жартылай финалына өте алмай қалды. Әлемнің 41-ші ракеткасы Дженнифер Брэйди біздің спортшыдан басып түсті. Америкалық екі сетте де мықты екенін дәлелдеді. Кездесу 1 сағатқа жалғасты. Айта кетейік, Путинцева US OPEN жарысында ширек финалға алғаш рет шықса, бұл – «Үлкен дулыға» турнирінде үшінші мәрте өнер көрсетуі.

Зарина Дияс Стамбулда өтіп жатқан WTA турнирінде жолы болмады. Заринаның бұл жолғы қарсыласы – Беларусь теннисшісі Александра Саснович. Бірінші сетте біздің спортшы 6:3 есебімен алда келе жатқан еді, алайда екінші және үшінші сетте Саснович қарқынын үдетіп, 5:7, 1:6 есебімен жеңіске жетті. Айта кетейік, Диас әлемнің 69-шы ракеткасы саналады, ал оның қарсыласы саналған Беларусь спортшысы ТОП-100-ке де енбеген.

«Манчестер Ситидің» жартылай қорғаушысы Кевин де Брюйне «Жылдың үздік ойыншысы» атанды. Бұл туралы ағылшын кәсіби футбол қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады. Дауыс беру кезінде ұпай саны бойынша командаластары Рахим Стерлинг, Вирджил ван Дейка, Джордан Хендерсон және «Ливерпуль» ойыншысы Садио Манені басып озған. Бұдан бөлек, қауымдастық Кевинге «Футболға сіңірген еңбегі үшін» наградасын табыс етті. Айта кетейік, Кевин де Брюйне қайырымдылықпен айналысып, Ұлыбританиядағы әлеуметтік мәселелерді шешуге үлес қосып келеді.

Хабар 24 телеарнасы