421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Вагнер Лав тамыз айының үздік футболшысы атанды

  • 109
  • UPD: 16:45, 09.09.2020
Вагнер Лав тамыз айының үздік футболшысы атанды

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы әдеттегідей Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін командалардың бас бапкерлері арасында сауалнама жүргізіп, тамыз айындағы ел біріншілігінің үздік футболшысы мен бапкерін анықтады, деп хабарлады vesti.kz «Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тамыздың үздік футболшысы атағы «Қайраттың» шабуылшысы Вагер Лавқа бұйырыпты. Ол 14 ұпай жинаған. 

Ал үздік бапкер атағы «Қайрат» ФК тізгінін ұстап жүрген Алексей Шпилевскийге берілген. Бұл маманға он бапкер дауыс беріпті. 

Еске салайық, «Қайрат» клубы 38 жастағы Лавтың команда қатарына қосылғаны туралы 8 шілде күні хабарлады. Ол алматалық клуб сапында үш кездесу өткізіп, екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді. 

32 жастағы Шпилевский болса 2018 жылдың қараша айынан бері «Қайратты» жаттықтырып келеді. 

Биыл клуб 18 ұпай жинап, әзірге Қазақстан Премьер-лигасында көш бастап келеді. 

Хабар 24 телеарнасы