420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мадридтік «Реал» Гарет Бэйлден түбегейлі құтылмақ

  • 134
  • UPD: 11:06, 10.09.2020
Мадридтік «Реал» Гарет Бэйлден түбегейлі құтылмақ

Мадридтік «Реал» уэльстік шабуылшы Гарет Бэйлден біржола құтылу туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Prosports.kz ресейлік Soccer News порталына сілтеме жасап.

Deportes Cuatro басылымның мәліметінше, футболшының Уэльс құрамасынан жарақатпен оралғаны және осыдан кейін тіпті команданың бас бапкері Зинедин Зиданмен сөйлеспегені, бірақ бірден жаттығу залына барғаны корольдік клуб басшылығының ашуын келтірген. Осыған байланысты клуб кез келген уақытта футболшымен қоштасуға ниетті.

31 жастағы Бэйл «Реал Мадрид» сапында 2013 жылдан бері өнер көрсетіп келеді, барлық жарыста 251 матч өткізіп, 105 гол соққан және 68 нәтижелі пас берген. Оның корольдік клубпен келісімшарты 2022 жылдың жазына дейін жасалған.

Хабар 24 телеарнасы