428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Суперауыр салмақтағы қазақстандық файтер қарсыласын бірінші раундта жеңді

  • 432
Суперауыр салмақтағы қазақстандық файтер қарсыласын бірінші раундта жеңді vesti.kz

Суперауыр салмақта болашағынан үміт зор қазақстандық Дархан Бәкенов Абдулманап Нурмагомедовті еске алуға арналған турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мәскеуде өткен жарысты ресейлік Fight Nights Global және GFC лигалары ұйымдастырған. 

Дархан екінші жекпе-жегінде украиналық Владимир Брикпен жұдырықтасып, оны бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңді. 

Алайда осы шоудың басты жекпе-жегінде екінші ұйымның титулы үшін Владимир Минеевпен жұдырықтасқан Дәурен Ермеков үшінші раундта жеңілді. Сонымен қоса жартылай жеңіл дивизионда Fight Nights Global чемпиондығы үшін дағыстандық Мухаммед Эминовпен шыққан Мұратбек Қасымбай да төрешілер шешімімен есе жіберді. 

Хабар 24 телеарнасы