426,25 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Top Rank қазан айында бес бокс кешін өткізеді

  • 144
  • UPD: 15:36, 10.09.2020
Top Rank қазан айында бес бокс кешін өткізеді prosports.kz

Америкалық Top Rank промоутерлік компаниясы қазан айында бес бокс кешін өткізеді, деп жазады Prosports.kz.

Аталған кештер АҚШ және Ресей жерінде өтеді. 

3 қазан, Лас-Вегас, АҚШ

Жартылай орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Иван Баранчиктің осы салмақтағы чемпиондық атаққа бұрынғы үміткер Хосе Сепедаға қарсы жекпе-жегі;

9 қазан, Лас-Вегас

WBO тұжырымы бойынша, жартылай жеңіл салмақта бос тұрған чемпиондық атақ үшін Эммануэль Наваррете мен Рубен Вилла жекпе-жек өткізеді;

17 қазан, Лас-Вегас

Жеңіл салмақта WBA және WBO чемпионы Василий Ломаченко мен IBF чемпионы Теофимо Лопес арасындағы жекпе-жек;

23 қазан, Мәскеу, Ресей

Жартылай ауыр салмақта WBC және IBF чемпионы Артур Бетербиевтің Адам Динеске қарсы жекпе-жегі және Умар Саламов пен Максим Власов арасындағы кездесу;

31 қазан, Лас-Вегас

IBF және WBA чемпионы Наои Иноуэ мен Джейсон Молони арасындағы жекпе-жек.

Хабар 24 телеарнасы