426,25 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚХЛ: «Барыс» шабуылшысы сұрмергендер тізімінде көш бастады

  • 147
  • UPD: 14:02, 11.09.2020
ҚХЛ: «Барыс» шабуылшысы сұрмергендер тізімінде көш бастады Sports.kz

«Барыс» хоккей клубының шабуылшысы Никита Михайлис ҚХЛ тұрақты чемпионатының сұрмергендер тізімінде көш бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жаңа маусымның алғашқы төрт матчының нәтижесі бойынша, 25 жастағы «Барыс» ойыншысы төрт шайба соқты. Ал жалпы ұпай бойынша (шайба+ассистент) ол бесінші орында тұр.

Бұған дейін елорда клубы қытайлық «Куньлуньмен» кездесіп, жеңіске жеткенін жазғанбыз.

Айта кетейік, «Барыс» келесі кездесуін 12 қыркүйекте өз алаңында мәскеулік «Динамоға» қарсы өткізеді.

Хабар 24 телеарнасы