421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лионель Месси биыл да «Барселона» капитаны бола береді

  • 116
  • UPD: 20:29, 12.09.2020
Лионель Месси биыл да «Барселона» капитаны бола береді фото: prosports.kz

«Барселона» шабуылшысы Лионель Месси 2020/2021 жылғы маусымда да каталониялық клуб капитаны бола береді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аргентиналық шабуылшыны үш әріптесі алмастыра алады, олар – Серхио Бускетс, Жерар Пике және Серги Роберто.

Еске сала кетейік, Бускетс, Пике және Робертолар қатарынан үшінші маусымда вице-капитан болып жүр.

Айта кетелік, өткен маусымның соңында Месси клубтың келісімшарттағы тегін кетуге мүмкіндік беретін нұсқаны пайдаланып, клуб ауыстырғысы келетіні туралы факс арқылы хабарлаған. «Барселона» аргентиналық футболшыны бұл нұсқа енді жарамсыз деп босатудан бас тартты. Каталониялық клуб Леоны тек 700 миллион еуро өтемақы төлеуге жіберуге дайын. 33 жастағы шабуылшы «Барселонамен» соттаспау үшін ғана командада қалған.

7 қыркүйекте Месси команданың жаңа бас бапкері Рональд Куманның басшылығымен алғашқы жаттығуын өткізді.

Хабар 24 телеарнасы