429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Зарина Дияс Рим турнирінде ұтылып қалды

  • 133
  • UPD: 00:05, 13.09.2020
Зарина Дияс Рим турнирінде ұтылып қалды фото: prosports.kz

Қазақстандық Зарина Дияс Рим WTA турнирінің іріктеу сайысында жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлемнің 69-ракеткасы З.Дияс рейтингте 110-орында тұрған ресейлік Анна Калинскаямен шеберлік байқасады. Зарина биыл 27-ге толатын тәжірибелі теннисші болса, қарсыласы 21 жаста еді. Бірінші партияда ресейлік спортшы алға шыққанымен, Зарина қуып жетті. Әйтсе де есеп 5:3 болып, сетке доп бергенде, сол мүмкіндігін пайдалана алмады.

Ал А.Калинская қатарынан төрт геймге қол жеткізді – 7:5. Екінші сетте З.Дияс 4:0 есебімен алға кетті. Қарсыласы есепті қысқартуға тырысқанымен, қазақстандық теннисші тағы бір брейкпен түйіндей білді – 6:2. Үшінші, шешуші партияда А.Калинская 5:1 есебімен алға шықты. Ақыры ол матчты тағы бір брейкпен тәмамдай алды – 6:3.

Хабар 24 телеарнасы