430,99 515.14 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Криштиану Роналду маусымдағы алғашқы голын соқты

  • 308
Криштиану Роналду маусымдағы алғашқы голын соқты Sportbox

«Ювентустың» португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду маусымдағы алғашқы голын соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Форвард «Новара» командасымен болған жолдастық кездесуде (5:0) гол соқты. Роналду бірінші таймның ортасында айып алаңына өтіп, қақпаны дәл көздеді.

«Ювентус» Италия чемпионатының 1-тур матчында өз алаңында «Сампдориямен» ойнайды. Матч 20 қыркүйекте өтеді.

Хабар 24 телеарнасы