420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Тур де Франс»: «Астана» капитаны үздік бестікте

  • 99
  • UPD: 11:10, 14.09.2020
«Тур де Франс»: «Астана» капитаны үздік бестікте фото: sports.kz

«Астана» велоклубының капитаны Мигель Анхель Лопес «Тур де Франс» көпкүндігінің 15-кезеңінде мәреге төртінші боп келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Командалық есепте «Астана» қазір 7-орында. Словения спортшысы Тадей Погачар 174,5 шақырым қашықтықты 4 сағат 34 минут 13 секундта бағындырып, кезең көшбасшысы атанды. Финишке Погачардан кейін Jumbo-Visma велошабандозы Примож Роглич, ізін ала 5 секунд уақыт айырмашылығымен австралиялық Ричи Порт жетті. Ал, күллі Колумбия үміт артқан Эган Берналь былтырғы велобәсекедегі жеңісіне тоқмейілсіді ме, бұрынғыдай жарқырай көріне алмады. Бұл жолы оған алғашқы ондыққа да ілігудің өзі қиынға соқты.

Кукушкин Италиядағы ашық біріншіліктің үшінші кезеңіне өтті

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Италияда өтіп жатқан ашық біріншіліктің үшінші кезеңіне жолдама алды. Екінші айналымда ол жапон спортшысы Таро Даниэльді айқын басымдықпен жеңді. Бүгін турнирде Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина және Александр Бублик өнер көрсетеді. Ал, ертең кезек Юлия Путинцевада.

Доминик Тим US Open турнирінде жеңіске жетті

Австралиялық Доминик Тим АҚШ ашық біріншілігінде неміс теннисшісі Александр Зверевтен мықты екенін дәлелді. 4 сағатқа жалғасқан кездесуде қарсыласын тізбе бүктіру 27 жастағы спортшы үшін оңай болмады. Десе де, Доминик  кейінгі үш сетте қарқынын үдетіп, «Үлкен дулығадағы» тұңғыш жеңісіне қол жеткізді.

Ал, 23 жастағы неміс спортшысы Александр Зверев турнир финалына алғаш рет шығып тұр. Зверев биыл Australian Open жартылай финалыда да өнер көрсеткен еді.

Льюис Хэмилтон М.Шумахердің рекордын қайталай ала ма?

Льюис Хэмилтон «Формула-1» жарысында мансабындағы 90-жеңісіне қол жеткізді. Оған әйгілі Михаэл Шумахердің рекордын қайталау үшін тағы бір бәсекеде жеңімпаз атану қажет. Екінші орында Валттери Боттас. Үздік үштікті «Ред булл» автошабандозы Александр Албон түйіндеді. Жарыс жол апатына байланысты екі рет үзіліп, басталды. Биылғы маусымда осымен 6-рет жеңіс тұғырына көтерілген Хэмилтон турнир кестесінде көш бастап тұр.

Еске сала кетейік, «Формула-1-дің» келесі кезеңі қыркүйектің соңында Сочиде өтеді.

 

Хабар 24 телеарнасы