420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жәнібек Әлімханұлы шаршы алаңға қашан шығатыны анықталды

  • 93
  • UPD: 11:46, 14.09.2020
Жәнібек Әлімханұлы шаршы алаңға қашан шығатыны анықталды qsport.kz

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (8-0, 4 КО) алдағы жекпе-жегі қашан өтетінін белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

BoxRec ақпаратынша, 27 жастағы қазақ боксшы 9 қазанда Лас-Вегастағы The Bubble аренасында Top Rank ұйымдастыратын бокс кешінде рингке шығады. Қарсылас әзірге белігісіз.

Ал бұл шоудың басты жекпе-жегінде Эмануэль Наваррете (31-1, 27 КО) мен Рубен Вилье (18-0, 5 КО) WBC титулы үшін жұдырықтасады. 

Жәнібек былтырғы қарашадан бері шарша алаңға шыққан жоқ, оның да жоспарын пандемия бұзған еді. Жақында боксшы чемпиондық титул үшін жоғары салмаққа өтуге дайын екенін айтқан.

Хабар 24 телеарнасы