420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Спорттық гимнастикадан халықаралық жарыстар басталады

  • 102
  • UPD: 15:52, 14.09.2020
Спорттық гимнастикадан халықаралық жарыстар басталады

Халықаралық спорттық гимнастика федерациясы турнирлерді қайта жалғастырады, деп хабарлады Olympic.kz.

Спорттық гимнастикадан жарыстар Венгрияда басталады. World Challenge Cup додасына 80-нен астам спортшы қатысуға өтініш білдірген. Халықаралық жарыс 2-4 қазан күндері өтеді деп жоспарланған. Айта кетерлігі, аталған додаға Қазақстан ұлттық құрама командасы да қатысуға дайындалуда. 

«Бұл сәтті біз ұзақ күттік. Жарыстардың Венгрияда басталатынына қуаныштымыз. Спортшылар жарысқа қайта оралуды тағатсыздана күтті. Венгриядағы ұйымдастыру комитеті жарыстың қауіпсіз әрі жақсы өткізуге барын салуда», - деп атап өтті халықаралық федерация президенті Моринари Ватанабе.

Хабар 24 телеарнасы