Допты хоккейден биылғы әлем чемпионаты өтпейтін болды, деп хабарлады Olympic.kz.
Жоспар бойынша аталған әлем біріншілігі Ресейдің Иркутск аймағында өтуі тиіс еді. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты ұйымдастырушылар жарысты өткізбеу туралы шешім қабылдаған. Аталған дода жарыс күнтізбесінде 5-11 қазан күндеріне белгіленген еді.