426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қанат Ислам WBC рейтингінен шығып қалды

  • 306
  • UPD: 11:27, 15.09.2020
Қанат Ислам WBC рейтингінен шығып қалды

Қазақстандық Қанат Ислам Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) қыркүйек айында жаңартылған рейтингінен шығып қалды.

Бұған дейін бірінші орта салмақта 23-ші сатыда тұрған Қанат Исламға жаңартылған рейтингіде орын табылмады. 

BoxRec хабарлағандай, Олимпиада ойындарының, Азия және Әлем чемпионаттарының жүлдегері болған Қанат Ислам 16 қазан күні шаршы алаңға шығады. Бокс кеші АҚШ-тың Плант-Сити қаласында өтеді. Әзірге қарсыласының есімі белгісіз.

Екі жыл бойы рингке шықпаған Қанат Ислам 2019 жылы екі жекпе-жек өткізді: біріншісінде ол доминикандық Хулио Де Хесусты сөзсіз ұтса, екіншісінде африкалық Уолтер Каутондокваны даулы шешіммен жеңді.

Хабар 24 телеарнасы