424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иранды әлемдік спорттан шеттету ұсынылды

  • 113
  • UPD: 17:35, 15.09.2020
Иранды әлемдік спорттан шеттету ұсынылды prosports.kz

Иранда 27 жастағы балуан Навид Афкаридің өлім жазасына кесілуі Халықаралық олимпиада комитетінің үрейін ұшырды, деп жазады Prosports.kz.

Айта кетейік, кісі өлтірді деп айыпталған ирандық спортшы Навид Афкари 12 қыркүйекте өлім жазасына кесілген.

Навид Афкари күрестен Иран чемпионы атанған. Ол 2018 жылы Иран оңтүстігінде Ширазе қаласында үкіметке қарсы наразылық акциялары кезінде адам өлтірді деп айыпталған. Бұл халықаралық резонанс туғызған болатын.

Афкаридің туыстары және белсенділер құқық қорғау органдары оны қинап, өзі жасамаған істі жасады деп айтқызуға мәжбүрлегенін айтып келді. Спортшының адвокаты оның кінәсі туралы ешқандай дәлел жоқ екенін білдірген.

Иранның сот жүйесі азаптау бойынша айыптауларды теріске шығарған.

Осының бәрін ескере отырып Спортшылардың бүкіләлемдік кәсіподағы Иранды әлемдік спорттан шеттетуге шақырды.

Бұған дейін UFC басшысы Иранда өлім жазасына кесілген балуанды құтқарғысы келгенін айтқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы