420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы үздік 15 боксшының қатарында

  • 141
  • UPD: 17:16, 16.09.2020
Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы үздік 15 боксшының қатарында

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) келесі жекпе-жегін Top Rank 9 қазан Лас-Вегастағы The Bubble аренасында өткізетін бокс кешінде жұдырықтасады.

Қарсылас әзірге белгісіз, дегенмен, қазақстандық боксшының командасы ол туралы аздаған мәлімет берді, деп хабарлайды Vesti.kz

«Біздің команда өз жанкүйерлеріне өте ашық әрі тығыз байланыста екенін білесіздер. Жаттығудан аз-кем ақпарат. Солақай спарринг қарсылас. 21 раунд спарринг жасап, жекпе-жекке шыңдалып алдық. Ыңғайсыз боксшы. Үлкен тәжірибе болды. Бұйыртса, салмағы аздау жылдам боксшымен 16 раундтық спарринг күтіп тұр. Әрі қарай тағы спарринг. Айтпақшы, 9 қазандағы қарсыласымыз солақай. Жеңілмеген. Топ 15 деп жатыр. Ресми бекітілген соң аты-жөнін жариялаймыз. Құдай қаласа, жақсы жекпе-жек болады. @janibek_alimkhanuly батырларыңыз шалдың өзі қайраған орақтай шыңдалып тұр. Әлемге QAZAQ STYLE-ды көрсетуге дайын!
Құрметпен, team QAZAQ STYLE!» – делінген команданың Instagram желісіндегі хабарламасында.

Жәнібек Әлімханұлы былтыр қарашада канадалық Альберт Онолуносені (24-3-1, 8 КО) алтыншы раундта нокаутқа түсіргелі бері рингке шықпады. Боксшының жоспарыларына пандемия бөгет етті. Жақында Әлімханұлы чемпиондық титул үшін жоғары салмаққа өтуге дайын екенін мәлімдеген.

Хабар 24 телеарнасы