429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның үш бірдей футбол командасы Еуропа лигасының іріктеу матчтарын өткізеді

  • 127
  • UPD: 10:57, 17.09.2020
Қазақстанның үш бірдей футбол командасы Еуропа лигасының іріктеу матчтарын өткізеді

 «Астана» Алматыда Подгорицаның «Будучностьмен» сынға түседі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қызылорданың «Қайсары» Шымкентте Никосияның АПОЭЛ-імен жасыл алаңға шығады. Алматының «Қайраты» Израильдің Хайфа қаласында жергілікті «Маккабимен» күш сынасады.

Елене Рыбакина Италияда өтіп жатқан ашық біріншіліктің үшінші айналымына жолдама алды. Қазақстанның бірінші ракеткасы чех спортшысы Мария Боузкованы 7:5 және 7:6 есебімен жеңді. Еленаның ендігі қарсыласы отандасы Юлия Путинцева болуы мүмкін. Бірақ ол үшін Юлия алдымен хорват қызы Петра Мартичті тізе бүктіруі қажет. Осылайша, Italian Open ширек финалында біздің елдің намысын тек бір ғана теннисші қорғайды.

Astana Pro Team капитаны Михель Анхель Лопес Тур-де Франс көпкүндігінің 17-ші кезеңінде топ жарды. Велошабандоз небір қиын асулар мен кедергілерлен тұратын 170 шақырым қашықтықты 4 сағат 50 минутта еңсерді. Лопестен 15 секунд кейін словениялық Примож Роглич мәреге келді.

Ал жалпы рейтингте «Астана» командасы 7-орынға жайғасты.

«Реалдың» жартылай қорғаушысы Гарет Бейл жалға беру негізінде лондондық «Тоттенхэм» сапына қосылды. Бұл туралы Дэйли Меэйл басылымы хабарлады. Әзірге футболшымен 1 жылға келісімшарт жасалғаны айтылған. Десе де, бұған қатысты ресми ақпарат жарияланған жоқ. Еске сала кетейік, Бейл дәл осы «Тоттенхэмнен» «Реалға» 2013 жылы ауысып келген еді. Арадағы келісімшарт 2 жылдан кейін аяқталады.

Пандемия футбол әлемін зор шығын батырды. ФИФА оның көлемі 14 млрд доллар шамасында деп отыр. Бұл туралы федерациясының коронавирус салдарымен күрес комитетінің басшысы Олли Рен айтты. Қазір спортшылар біртіндеп жасыл алаңға оралып, жаттығуды бастап жатыр. Егер вирусқа қатысты жағдай оңалмаса, дайындықты тоқтатуға тура келеді. Мұны болдырмаудың жалғыз жолы – вакцина ойлап табу деп атап өтті Рен.

Олли Рен, COVID-19 салдарымен күрес комитетінің басшысы:

– Пандемияның футболға тигізген зардабы ауыр. Көптеген кәсіби клуб бетпе-бет келген қиындықпен барынша күресіп жатыр. Бізді әсіресе, жастар академиясының болашағы алаңдатады. Азия мен Африкада футбол индустриясын дамыту бағытындағы жұмыстар зая кететін болды.

Хабар 24 телеарнасы