428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


UWW жастар арасындағы Әлем чемпионатын өткізбейтін болды

  • 83
  • UPD: 12:38, 17.09.2020
UWW жастар арасындағы Әлем чемпионатын өткізбейтін болды

Біріккен күрес әлемі (UWW) Атқарушы комитеті биыл қазан айында Тампереде (Финляндия) өтуі тиіс еркін, грек-рим және әйелдер күресінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатын өткізбеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Prosports.kz UWW сайтына сілтеме жасап.

Сонымен бірге, UWW Атқарушы комитеті қараша мен желтоқсан айларына жоспарланған халықаралық жарыстарды өткізе береді. Алайда оларды ұйымдастырушылар қатысушылардың денсаулығын сақтауға қажет барлық санитарлық жағдайды қамтамасыз етуі керек. UWW ұсынған хаттамалар қайта қаралады.

Желтоқсан айының ортасында Белградта өтетін ересектер мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысты ешқандай шешім қабылданған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы