424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде өз орнын сақтап қалды

  • 95
  • UPD: 16:32, 17.09.2020
Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде өз орнын сақтап қалды Inbusiness.kz

Футболдан Қазақстан құрамасы Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) жаңартылған рейтингінде 118-орынды

сақтап қалды, деп хабарлайды Vesti.kz

Жаңартылған тізімнің үздік үштігінде ешқандай өзгеріс жоқ. Көш басында Бельгия құрамасы тұрса, Франция – екінші орында, Бразилия – үшінші сатыда. 

ФИФА рейтингі:

1 (1). Бельгия – 1773 ұпай;
2 (2). Франция – 1744;
3 (3). Бразилия – 1712;
4 (4). Англия – 1664;
5 (7). Португалия – 1653;
6 (5). Уругвай – 1645;
7 (8). Испания – 1642;
8 (6). Хорватия – 1628;
9 (9). Аргентина – 1623;
10 (10). Колумбия – 1622;
...118 (118). Қазақстан – 1156.

Айта кетейік, Ұлттар лигасының жаңа маусымында Михал Билек баптайтын Қазақстан құрамасы екі кездесу өткізді. Бірінші кездесуде біздің құрама сырт алаңда Литваны 2:0 есебімен жеңсе, Алматыда Беларусь құрамасынан 1:2 есебімен ұтылып қалды. Енді Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 10 қазан күні өз алаңында Албания құрамасына қарсы өткізеді.

Хабар 24 телеарнасы