420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Барыс» клубының ойыншыларынан COVID-19 белгілері анықталды

  • 62
  • UPD: 17:31, 17.09.2020
«Барыс» клубының ойыншыларынан COVID-19 белгілері анықталды

Осыған байланысты команданың 6 матчы кейінге шегерілді, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Құраманың 12 мүшесі мен жаттықтырушылар штабының қызметкерлері тапсырған тестілеу қорытындысы оң нәтиже берген. Құрлықтық хоккей лигасының ережесіне сай спортшылар енді 14 күн карантинде болады. Осылайша Юрий Михайлистің шәкірттері ертең ригалық «Динамо» командасымен матч өткізбейді. Сыртқы қарымта ойындардың кестесі де өзгертілді. Матчтардың өту күндері мен уақыты кейін белгілі болады.

Хабар 24 телеарнасы