427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропа лигасы: қазақстандық футболшылар сәтсіз өнер көрсетті

  • 145
  • UPD: 09:49, 18.09.2020
Еуропа лигасы: қазақстандық футболшылар сәтсіз өнер көрсетті Sports.kz

Қазақстанның үш командасы да құрлық кубогынан үмітін үзді.

Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінен  үш клубтың бір де біреуі өтее алмады. Еурододаға тұңғыш рет қатысқан қызылордалық «Қайсар» Шымкентте  кипрлік АПОЭЛ-мен кездескен еді. Есепті алғаш болып қазақстандық команда ашса да, гол соққан - Элгуджа Лобжанидзе, сәлден кейін қарсыласының шабуылына тойтарыс бере алмады. Томас Де Винсенти таразы басын теңестірді. Содан кейін Ануар Тухами мен Омер Ацили көзге түсті. Қорытынды есеп - 1:4.

 

Ал елордалық «Астана»  Еуропа лигасы іріктеу кезеңінде Черногорияның «Будучность»  клубымен кездесті.

Матч  Алматыдағы  орталық стадионда өтті. Бапкер құтаймай тұр ма, әлде басқа да мәселелер әсер ете ме, алаң иелері білгендерінен жаңылды. Бірінші таймда тіпті сүреңсіз ойнады.  Қайта қонақтар белсенділік танытты. Ненад Эрич қақпасынан саңылау тапқан да солар. Погорица футболшылары  ұтымды шабуыл жасай білді. Нәтижесінде Василие Тарзич есеп ашып, «Будучность» 1:0 есебімен жеңіске жетті.

 

Еуропа лигасының екінші іріктеу сатысында алматылық «Қайрат» Израильдің «Маккаби» (Хайфа) командасымен кездесті. Ойында  алаң иелері есеп ашты. Оны 31-минутта Юваль Ашкенази өзінің еншісіне жазды. Ал 45-минутта «Қайрат» шабуылшысы Вагнер Лав таразы басын теңестірді. Екінші таймның 72-минутында «Маккаби» шабуылшысы Никита Рукавица өз командасын қайта алға шығарды. Израиль командасы 2:1 есебімен жеңіске жетіп, жарысты жалғастыратын болды.

Хабар 24 телеарнасы